2021 жылғы 8 маусымда Алматы қаласы Республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Набиев Вакиль Гусейнович пен Хамедов Абилфас Муслимович республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, жастар өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында депутаттар бірінші сессияда атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ өздерінің депутаттық сауалдары туралы есеп берді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері депутаттардың жұмысына жоғары баға беріп, жемісті жабылған бірінші сессиямен құттықтап, бірқатар ағымдағы мәселелерді шешуге көшті, олардың ішінде этномәдени бірлестіктердің журналистермен жұмысы және этносаралық сипаттағы тақырыптарды дұрыс жариялау, этномәдени бірлестіктердің маңызды бағдарламаларын іске асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға қатысуы, мемлекеттік тілді үйрену бағдарламаларын дамыту, жастарды отбасылық құндылықтарға тәрбиелеу және басқа да көптеген мәселелерді қарастырды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Күрдтері «Барбанг» республикалық қауымдастығының вице-президенті, ҚХА Кеңесінің мүшесі Вакиль Набиев Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне жастардың қатысуы мен жұмысын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шарада Қазақстан Күрдтері «Барбанг» республикалық қауымдастығының Президенті, ҚХА Кеңесінің мүшесі, проф. Князь Мирзоев қатысып, қауымдастықтың 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы айтып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері көтерген мәселелерді депутаттар орындауға және бақылауға алды.
___________________

8 июня 2021 года в Республиканском Доме Дружбы г. Алматы прошла встреча депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан Набиева Вакиля Гусейновича и Хамедова Абилфаса Муслимовича с руководителями республиканских и городских этнокультурных объединений, членами Ассамблеи народа Казахстана и представителями молодежи.

В ходе встречи депутаты поделились отчётом о проделанной работе, а также рассказали о своих депутатских запросах.

Члены Ассамблеи народа Казахстана и представители этнокультурных объединений дали высокую оценку работе депутатов, поздравили с плодотворной закрытой первой сессией и перешли к решению ряда текущих вопросов, среди которых работа этнокультурных объединений с журналистами и эффективное освещение в СМИ тем межэтнического характера, участие этнокультурных объединений в государственных социальных заказах для реализации значимых программ, развитие программ по изучению государственного языка, воспитание семейных ценностей у молодежи и многое др.

Депутат Мажилиса Парламента РК, вице-президент Ассоциации «Барбанг» курдов РК, член Совета АНК Вакиль Набиев отметил важность активизации участия и работы молодёжи в деятельности АНК.

В мероприятии также принял участие Президент Ассоциации «Барбанг» курдов РК, член Совета АНК, проф. Князь Мирзоев, в своём выступлении рассказав о проделанной работе Ассоциации за первое полугодие 2021 года и отметив важность работы в преддверии празднования 30-летия Независимости Республики Казахстан.

Вопросы, поднятые членами Ассамблеи народа Казахстана и представителями этнокультурных объединений были взяты депутатами на контроль.

Алматы қаласы Достық үйінде ҚР  Мәжілісінің депутаттары  этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті
Алматы қаласы Достық үйінде ҚР  Мәжілісінің депутаттары  этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті
Алматы қаласы Достық үйінде ҚР  Мәжілісінің депутаттары  этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті