2021 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Алматы облысы Іле ауданының жас белсендісі, джиу-джитсудан төрт дүркін әлем чемпионы атанған Ұлымбетова Жібек Әлімханқызы «РОНАИ» Алматы облысы Іле аудандық күрд этномәдени орталығына шақырылды, орталық атынан құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Шараны ұйымдастыру «РОНАИ» орталығының төрағасы Г.Б. Гейдаровтың және орталығының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.М. Мамедовтың белсенді қатысуымен өтті.
Біз өсіп келе жатқан жастарымыздың жетістіктерін әрқашан мақтан тұтамыз. Жібекке зор денсаулық, өмірде және спортта жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!
Оставайтесь на связи