Жуырда Жамбыл облысы әкімінің грантына өңіріміздің этномәдени бірлестіктері арасындағы «Татулық және келісім» байқауының қорытындысы шығарылды.
Конкурстық комиссия мүшелері әділ шешім шығару үшін өңірлік қоғамдық этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының бір жыл ішінде атқарған жұмыстарының есебін қарады. Нәтижесінде, байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып, олар 2022 жылғы 29 желтоқсанда Тараз қаласында марапатталды.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, этномәдени бірлестіктердің, өңіріміздің ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Сахнаға байқау көшбасшылары бірінші болып шақырылды. Екінші орынға «Барбанг» күрділер республикалық қауымдастығы Жамбыл облыстық филиалы иеленді.
Осы жаңалықпен біз «БАРБАНГ» қауымдастықтың Жамбыл облысы бойынша төрағасы Әлиев Сартиф Исманалиевичті шын жүректен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз! 👏🎉
Оставайтесь на связи