🔰БІРЛІК – ӘРТҮРЛІЛІКТЕ

    🔴Елімізде өмір сүретін барлық этнос өкілдері тұтас бір ұлыс. Қазақ елі – бірлік пен татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің, достықтың Отаны. Мемлекет басшысы  баршамызды тонның ішкі бауындай жақындықта өмір сүріп қана қоймай, «Бірлік – әртүрлілікте» деген ұранды ұстануға шақырған болатын.

   🔷Қазақ халқына тән қасиеттер – қонақжайлылық, өзге халықтар мен өркениеттерге құрметпен қарау. Бұл айтылғандарға «Қазақстан Республикасы күрдтері» Барбанг қауымдастығы» өңірлік қоғамдық  бірлестігі филиалының төрағасы ретінде нық сеніммен қосыламын. Қазақ халқы атын атап, түсін түстеп бірде-бір ұлт өкілін бөлектемейді.

  🔷Сонымен қатар, облысымызда өмір сүріп жатқан өзге де этнос өкілдерімен татулықта, ұйымшылдықта өмір сүріп келеміз. Күні кеше барша облыстағы этнос өкілдері жиылып Тараз қаласының «Баласағұн» Орталық концерттік  залында көрермендерді нағыз сиқырлы қысқы ертегіге баурап алған дәстүрлі «Рождество» мерекесін бір отбасыдай атап өттік.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін  1 наурыз- Алғыс айту күнін,1 мамыр  — Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекелерін  жан аянбай барша ұлт өкілдері бірігіп, жұмыла атқарып шығамыз.  Бұл мерекелерде біздердің арамыздағы сыйластық пен татулықты анық көруге болады. Қоғамдық бірлестіктер ұлтаралық келісімді сақтау-күнделікті жұмыс екенін біледі.

Татулық,сыйластық және қонақжайлылық – бұл құндылықтарды өңірде тұратын барлық этностар бір-бірінен шын пейілмен қабылдайды. Ұлттық мәдени орталықтардың,қоғамдық бірлестіктердің және бейбіт, гүлденген елде өмір сүргісі келетін әділ қазақстандықтардың сан алуандығына қарап, біз орасан зор күшпіз десек те болады. Қазақ еліне әрбіріміздің алғысымыз шексіз!
        
Қорытындылай келе,бұдан әрі де бірлікте,ынтымақтастықта,татулықта өмір сүрейік дегім келеді.

   🖍️Қазақстан Республикасы Күрдтері «Барбанг» қауымдастығы өңірлік қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Алиев Сартиф Исманалиевич
—————————————

🇬🇧 UNITY IN DIVERSITY

🔴Representatives of all ethnic groups living in our country constitute a single nation. The Kazakhstan country is the Motherland of unity and peace, concord and friendship. The head of state called on all of us to adhere to the motto of unity in diversity.
The characteristic qualities of the Kazakh people are openness, hospitality, respect for other peoples and civilizations.

🔷I, as the chairman of the regional public association of the «Berbang» community of Kurds of the Republic of Kazakhstan, as a representative of the Kurdish nation, fully agree with what was said.

🔷We also lived in peace and harmony with representatives of other nationalities living in Kazakhstan. As proof of this,yesterday representatives of all nationalities of the region gathered at the Balasagun Central Concert Hall in the city of Taraz to celebrate the traditional Christmas holiday, which enchanted the audience with a truly magical winter fairy tale.

Tolerance, respect and hospitatily are the values accepted by all ethnic groups living in the region. Looking at the diversity of national cultural centers, public, associations and righteous Kazakhstanis who want to live in a peaceful, prosperous country, we can say that we are huge force. We are all immensely grateful to the Kazakhstan country. In conclusion, let’s continue to live in unity, cooperation and peace!

Sartif Aliyev, the Head of Zhambyl regional department of Association of Kurds in the Republic of Kazakhstan

🖍️”Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы