Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Талас ауданы Қасқабұлақ ауылдық округінің Әкімі, Қазақстан Күрдтері «Барбанг» республикалық қауымдастығының белсенді, мүшесі, өз халқының және елінің үлкен патриоты, қоғам қайраткері Усейнов Жардис Исмайловичтің туған күнінде біз оған зор денсаулық, отбасылық амандық және одан әрі халық пен ел игілігі жолындағы жемісті еңбегінде сәттілік пен жеңістер тілейміз!
Усейнов Жардис Исмайлович Жамбыл облысы Талас ауданы Қасқабұлақ ауылы 24.05.1978 жылы туылған. 1985-1995 жж. Қасқабұлақ орта мектебінде оқыды. 1995-2008 жылдарда жеке шарушылықпен айналысты.
2008 жылдары Тараз қаласында көпсалалы колледжіне «Қаржы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2010 жылы аталған колледжі бітірді. 2013 жылы М.Х. Дулати Тараз мемлекеттік университетінің «Мемлекет және жергілікті» факультеті бітірді.
2008-2016 жылдарды Талас ауданы ішкі саясат бөлімінің Қасқабұлақ ауылдық округінде «Жастар ресурстық орталығы» ҚММ-нің аға нұсқаушысы жұмысын атқарды. 2016 жылдан 2020 жылға дейін Қасқабұлақ ауылдық округі әкімнің аппараты жетікші маманы жұмысын атқарды.
2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қасқабұлақ ауылдық округі әкімі жұмысы атқарды. Үйленген, 2 қыз, 1 ұл. «Amanat» партиясының мүшесі.
2021 жылдың соңында Қазақстан Күрдтерінің «БАРБАНГ» қауымдастығының басқармасы Усейнов Жардис Исмайловичті ұлтаралық бірлікті, қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі, гуманистік мұраттарға дәйекті қызметі үшін «Жыл адамы» номинациясымен марапаттады.
Шын жүректен құттықтаймыз!
Rojbûna We pîroz be! 👏✌️🎉
Оставайтесь на связи