2020 жылы 22 қазанда сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24/9) Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форумы өтеді.

Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, филология мен лингвистика саласының сарапшылары, тіл жанашырлары, ҚХА мүшелері мен жастар ұйымдары қатысады.

Спикерлер – мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері тіл үйрену тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жолдары туралы өз ұсыныстарын ортаға салады.

Онлайн көру үшін:  https://www.facebook.com/assemblykaz/


Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» форумын өткізеді