Наурыз мейрамы – гуманизм мен ынтымақтастық, бейбітшілік пен келісімнің көрінісі
Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді көктемгі жаңару мерекесі — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
Біздің елімізде Наурыз мейрамын тойлау Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының тереңінен бастау алатын өзіндік ерекше дәстүрлерге ие. Ата-бабаларымыз күн мен түннің теңелу күнін «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған, бұл қазақ халқының осынау табиғи өркендеу кезеңіне берген маңыздылығын көрсетеді.
Бүгінгі күні мерекенің негізгі қағидалары өзгеріссіз — адамдардың әл-ауқаты мен бірлігі, гуманизм мен ынтымақтастық құндылықтарын бекіту, бейбітшілік пен келісімді сақтау.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Наурыз мейрамы уақыт пен ұрпақтың үздіксіз байланысын сезінуге мүмкіндік береді. Онда халықтық дәстүрлер мен қазіргі заманның үйлесімі болып табылатын жаңғырған ұлттық мәдениет пен өнердің байлығы көрініс таппақ.
Қымбатты достар!
Көктемнің мейірімді және сүйікті мерекелерінің бірі — Наурыз Сізге және сіздің отбасыңызға зор денсаулық, бақыт, махаббат, гүлдену, қуанышты жаңалықтар мен жарқын күлкі сыйласын!
Үйлеріңіз әрдайым сүйіспеншілік пен гүлденуге бөлене берсін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Оставайтесь на связи