Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері Алматы қаласында «Ағаштарға қамқор бол» акциясын жүзеге асырды.

Алматыда «Ағаштарға қамқор бол» акциясы өтті

Олар қала тұрғындарына үйінің жанындағы ағаштарды мезгілімен суғарып, күтім жасауды ұсынып, құрғақ бұтақтарды алып тастап, мүмкіндігінше тазалық жүргізіп отыруларын өтінді.

Акция нәтижесінде мыңнан аса ағаш суғарылды. Акцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur-Otan» партиясының мүшелері, «Jas Otan» жастар қанаты, «Қазақстан халқы Ассамблеяы» жастар ұйымдары, «Жарасым» жастар ұйымының мүшелері, «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының мүшелері, Аудандық және қалалық әкімдіктер, көптеген қоғамдық қорлар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Қазір «Ағаштарға қамқор бол» акциясы республикалық деңгейде жұмыс істеп жатыр және Қазақстандағы 9 облысты қамтып отыр.

ASSEMBLY.KZ